«Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 151 бұйрығы (2015.11.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 151 бұйрығы

(2015.11.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Бас прокурорының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 21 бұйрығымен күші жойылды

 

Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және азаматтық сот ісін жүргізуде мемлекеттің мүдделерін білдіру тиімділігін арттыру, азаматтардың, мемлекет пен заңды тұлғалардың конституциялық және өзге де заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2709 «Прокуратура туралы» және 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-І «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының нормативтік ережелерін басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6464 болып тіркелген «Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және азаматтық іс жүргізуде мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 12 тамыздағы № 46 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері мен қызметшілері таныстырылсын, көшірмесі Бас әскери прокурорға, Бас көлік прокурорына, облыс және оларға теңестірілген прокурорларға орындау үшін жіберілсін.

4. Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету департаментінің бастығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін шаралар қабылдасын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.